Дәрет алған адамның бүкіл кіші күнәлары кешіріледі. Намаз оқығаннан кейін қайтадан дәрет алу сауап. Дәретін жаңартқан адамның иманы жаңарған (нұрланған) болады. Нәпіл ғибадаттың сауабына қауыша алу үшін иманда және парыздарда кемшілік жібермеу, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету және ол істі ғибадат ретінде орындауға ниет ету шарт.